Жарияланды: 930

Қазақстанның "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасы "Бәсекелестік туралы" жаңа заң жобасында экономикалық шоғырлануды антимонополия қызметкерлерімен келісу үшін жоғары шек қойылған деп есептейді

Астана. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасы "Бәсекелестік туралы" жаңа заң жобасында экономикалық шоғырлануды антимонополия қызметкерлерімен келісу үшін айтарлықтай жоғары шек қойылған деп есептейді. Бұл туралы кеше аталмыш заң жобасы талқыланған дөңгелек үстел барысында Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан

Бүгін" агенттігінің тілшісі. "Әрине, мемлекет бәсекелестік іс-әрекеттерді реттеп отыруы тиіс. Себебі, монополияға мемлекет қана емес, кез келген тауар өндіруші бейім тұрады. Барлығы бәсекелестік бәйгесінде жетекші орынға ие болса, кейін оны пайдалануға тырысады. Дегенмен, мемлекеттік реттеуде артық араласудан және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты ұсақ-түйекке бола қамқорлық көрсетуден қашсақ, дұрыс болар еді", - деді Е. Никитинская. "Біз бұл проблемаларды экономикалық концентрацияны келісу үшін қажетті және жеткілікті талаптарды анықтау жолымен шешу мүмкіндігіне ие болдық. Менің ойымша, біз айтарлықтай жоғары шек орнатқан сияқтымыз. Біздегі мәмілелер актив көлемі екі миллион АЕК көлемінде немесе осындай мөлшердегі айналым болса ғана келісілетін болады", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть