Қазақстанның Ауыл шаруашылық министрлігі селекциялық жетістіктердің авторларына роялти төлеу кестесін жасап шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Ауыл шаруашылық министрлігі селекциялық жетістіктердің авторларына роялти төлеу кестесін жасап шығарды

Қазақстанның Ауыл шаруашылық министрлігі селекциялық жетістіктердің авторларына роялти төлеу кестесін жасап шығарды

Астана. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Ауыл шаруашылық министрлігі селекциялық жетістіктердің авторларына роялти төлеу кестесін жасап шығарды. Бұл туралы жұма күні "Ресурстарды сақтау және әртараптандыру - академик Александр Бараевтың идеяларының жаңа сатысы" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылуында ҚР ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 4 Тамыз 2008
  • 488
Фото - Caravan.kz

«Ғалымдарды ауыл шаруашылық дақылдарының және мал тұқымдарының өнімділігі жоғары түрлерін шығаруға ынталандыру жүйесін құру аясында қазіргі заңға сәйкес селекциялық жетістіктердің авторларына роялти төлеу кестесі жасалды», — деді А. Күрішбаев.

«Төлемдерді біртұтас басқару үшін Селекцияны дамыту қорын құру көзделіп отыр», — деп толықтырды ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті