Жарияланды: 420

Қазақстанның Байланыс министрі А.Жұмағалиев ресейлік «Бірінші арнаның» Бас директоры К.Эрнстпен кездесті

Қазақстанның Байланыс және ақпарат министрі ресейлік «Бірінші арнаның» Бас директоры Константин Эрнстпен кездесті.

«Останкинода болдым. Константин Эрнстпен кездестім», деп жазды министр Асқар Жұмағалиев Twitter-дегі блогында. «Теледидарды дамытудағы әлемдік үрдістер туралы айттық, ынтымақтастық мәселелерін талқыладық. Қазақстанда продакшн-индустриясын дамыту қажеттілігін сөз еттік. Әріптестер телеорталықты аралатты. Астанада салынатын телерадиокешеннің құрылысында олардың тәжірибесін ескеретін боламыз»,- деп хабарлады министр өз сөзінде. Естеріңізге сала кетейік, Ертістің сол жағалауында телерадиокешеннің құрылысы жүріп жатыр. Онда ситкомдар мен ойын-сауық думандарын дайындайтын студиялар, жазу студиялары, электрондық бейне және аудиомұрағаттар, медиатехнология саласы бойынша мамандар дайындайтын және олардың біліктіліктерін жетілдіретін орталық, коммутация, теле- және радиоарналардың хабарларын тарату және бақылау орталығы орналасатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть