Қазақстанның барлық аймақтарында аяз күшейетіні ескертілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның барлық аймақтарында аяз күшейетіні ескертілді

Қазақстанның барлық аймақтарында аяз күшейетіні ескертілді

Қазақстанның барлық өңірлерінде дерлік күн суытып, аяз күшейеді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті .

  • 7 Желтоқсан 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz

7-8 желтоқсан күндері Астанада түнде аяз 30 градусқа дейін суытады.

7 желтоқсанда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар жауып, бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, ұйытқуы 25 м/с-қа жетеді. Ауаның температурасы түнде 26-31 градусқа дейін, кей жерлерде 34 градусқа дейін суытады. Ақтөбе облысында 20-25 градусқа дейін, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында — 16-21 градусқа дейін, кей жерлерде 24 градус, Маңғыстау облысында — 10-15 градусқа дейін, кей жерлерде 20 градусқа дейін аяз болады.

7 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында күшті қар жауады, бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін, ұйытқуы 25 м/с-қа дейін күшейеді. 8 желтоқсанда ауаның температурасы түнде 20-25 градусқа дейін, кей жерлерде 30 градус аязға дейін төмендейді.

7 желтоқсанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, күшті боран соғады, солтүстік-батыстан күшті жел түрып, 15-20 м/с-қа, ұйытқуы 25 м/с-қа дейін жетеді. 7-9 желтоқсан күндері ауаның температурасы түнде кей жерлерде  30-35 градусқа дейін аяздатады.


7 желтоқсанда Қызылорда облысында түнде ауаның темпертаруасы 17-22, кей жерлерде 27 градусқа дейін төмендейді.