Қазақстанның барлық өңірі "қызыл" аймақтан шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның барлық өңірі "қызыл" аймақтан шықты

Қазақстанның барлық өңірі "қызыл" аймақтан шықты

Павлодар облысы - сары аймақта. Соңғы тәулікте өңірде КВИ-дің 100 жағдайы тіркелді. Жұқтырғандардың басым бөлігі Павлодар - 52, Ақсу - 10, Екібастұз – 15 қалаларында анықталған.

  • 21 Ақпан 2021
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Індетті жұқтырғандар арасында — 16 724 адам Павлодар облысының тұрғындары, 215 жағдай басқа өңірлерден әкелінді жағдайлар.

Ауырған адамдармен байланыста болғандардың арасында 5 981 жағдай немесе 35,3% тіркелген. Сондай-ақ, 9 577 жағдай (56,4%) ЖРВИ және пневмония белгілері бойынша тексерілген адамдардың арасында тіркелген. Профилактикалық тексеруден өту кезінде 1 166 жағдай (6,9%) анықталған.

Облыс эпидемиологтары коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық тұрғысынан тұрақты, жалпы вирустық инфекциялар ауруларының төмендеу үрдісі бар деп бағалауда. Бұған ЖРВИ және тұмау маусымның аяқталуы ықпал етуде.

Індеттің таралуының төмендегенін апта сайынғы өсім деректері де көрсетуде. Өткен 7 күнде, 2021 жылдың 14-20 ақпан аралығында COVID-19-дың 709 жаңа жағдайы тіркелген; 8-14 ақпан аралығында — 1 127 жағдай; 7-13 ақпан аралығында -1 248 жағдай, 1-7 ақпан аралығында өңірде КВИ-ның 1 594 жағдайы тіркелген.


Соңғы жаңалықтар