"Сөз жоқ, бұл меморандум кәсіпкерлікті қолдау деңгейін арттыруға ықпал етпек. Меморандумның негізгі мақсаты кәсіпкерлікті дамыту үшін негіз құру жөніндегі бірлескен әрі келісілген іс-қимылдарды ұйымдастыру болып табылады", деді бас прокурор қол қою рәсімі кезінде.
Т.Құлыбаев болса кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық кеңестер құрылады, деп хабарлады.
"Маңызды мәселе- заңсыз тексерулер. Заңсыз тексерулерді азайту үшін заңдылық нормаларды қарау керек", деді ол.
Оның айтуынша, келіспеушіліктерді сотқа дейінгі тәртіпте реттеу үшін салық заңдарын жетілдіру және мемлекеттік сатып алу секторында тәртіп орнату жұмыстары жүргізіліп отыр.
Бас прокуратураның деректеріне қарағанда, 2013 жылы бизнесті қорғау саласында 11 мыңнан аса бұзушылық анықталған, бизнес субъектілерін тексеру жоспарланған негізсіз 2,5 мың тексеруге жол берілмеген, кәсіпкерлердің құқықтарына қатысты заңсыз 997 актінің күші жойылған немесе өзгертілген.
Қадағалаушы ведомствоның мәліметтеріне қарағанда, 13 мыңнан аса кәсіпкердің құқы қорғалған, әр түрлі жауапқа1220 адам тартылған.