Жарияланды: 390

Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі балалар мерекесін ұйымдастырды

Сенбі, 4 маусым күні Бельгияда Қазақстан елшілігінің ұйытқы болуымен мерекелік шара өтті.

Қазақстаннан асырап алынған балалар мен олардың бельгиялық ата-аналары үшін ұйымдастырылған кезекті қабылдауда алғы сөз сөйлеген елші Ерік Өтембаев, бұл кездесудің екі маңызды оқиғаға - 1 маусымда өткен Балаларды қорғаудың халықаралық күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отырғанын атап көрсетті. Балаларға жасап отырған қамқорлықтары мен олардың тарихи отандары - Қазақстанмен байланыстарын қолдап отырғандары үшін ата-аналарға алғыс білдірген дипломат, «Сіздер Қазақстанның бір бөлшегісіздер және елшілік те Қазақстанның бір бөлшегі. Менің ойымша, бұндай қарым-қатынастар жиі өтіп тұратын болады. Елшіліктің есігі сіздер үшін әрқашан ашық!», - деді өз сөзінде.в посольстве-дети Елші сондай-ақ, Қазақстаннан асырап алынған балалар үшін елшіліктің айына бір арнайы сабақтар өткізуді жоспарлап отырғанын, онда балаларға қазақ тілі сабағын өткізу, тарихи Отандарымен таныстыру, музыкалық және спорттық шаралар өткізу жоспарланып отырғанын айтты. Елшілікте өткен қабылдау барысында Қазақстанға арналған балалар суреттерінің конкурсы өтті және қонақтарға арнап мерекелік дастархан жайылды. Бельгиялық азаматтар Қазақстаннан балалар асырап ала бастағанына 12 жылдай болып қалды, бүгінде Бельгияда ондай балалардың саны 480-нен асады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть