Қазақстанның бірнеше облысында аптап ыстық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірнеше облысында аптап ыстық болады

Қазақстанның бірнеше облысында аптап ыстық болады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей-жерлерде найзағай ойнап, өткінші жауын жауып, жел күшейеді.

  • 24 Шiлде 2015
  • 459
Фото - Caravan.kz


Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Солтүстікте және оңтүстік-батыста кейбір жерлерде тұман түседі, деп хабарлады «Қазгидромет». 

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстарында таңертең және күндіз, СҚО, Павлодар, Қарағанды, ШҚО-да күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. СҚО мен Маңғыстау облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Жамбыл, ОҚО, ШҚО, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында кейбір аумақтарында аптап ыстық болады.
Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, ШҚО-да төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің еңпіні 0-5 м/с болады. 
Астанада ауыспалы бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Жел 9-14 оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с. 
Температура түнде+18+20°С, күндіз +28+30°С болады.