Қазақстанның бірқатар аймақтарында ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірқатар аймақтарында ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар аймақтарында ескерту жарияланды

ҚР ТЖМ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап, республиканың бірқатар аймақтарында дауылдық ескерту жариялайды.

  • 3 Желтоқсан 2013
  • 381
Фото - Caravan.kz


4 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде жауын-шашын болады, жаңбырдың соңы қарға ұласып, боран соғады, көктайғақ болады, солтүстік-батыстан соғатын жел 17-22 м/с-ке күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-8 градусқа дейін төмендеп, аяз болады.

5 желтоқсан күні Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында жауын-шашын болады деп күтілуде, жаңбырдың соңы қарға ұласады, боран соғады, көктайғақ болады, батыстан соғатын жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-8 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.