Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қатқақ болады деп күтілуде
Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қатқақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе , Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде 0 - 3 градус шамасында қатқақ болады. Павлодар, Қарағанды, түнде Солтүсттік Қазақстан, Ақмола облыстарында солтүстік-шығыстан жыдамдығы секундына 15 - 22 метр жел соғып, түнде кей жерлерде 0 - 3 градус қатқақ болады.
Сондай-ақ, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында шаңды боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін күшейеді. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15 - 22 метрге дейін күшейеді.
Таяу тәуліктерде республиканың таулы өзендерінде сулылық деңгейі ауытқиды; шығыс Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде қатты нөсерге байланысты тасқын жүруі мүмкін, сдеп хабарлайды ТЖМ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін