Қазақстанның дүкен сөрелерінде импортталған шетел еттері жоқ - А.Мамытбеков - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның дүкен сөрелерінде импортталған шетел еттері жоқ - А.Мамытбеков

Қазақстанның дүкен сөрелерінде импортталған шетел еттері жоқ - А.Мамытбеков

Қазақстанның дүкен сөрелерінде импортталған шетел еттері жоқ. Бұл туралы бүгін Астанада қазақтың ақбас сиыры иелері палатасының отырысында ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

  • 3 Сәуiр 2015
  • 525
Фото - Caravan.kz


«Біздің ішкі нарығымыз етке толып болды. Кейбіреулер «неге біз етті шетелден тасимыз» деп айтып жатады. Сөрелерде шетел еті жоқ — соны түсіну керек. Егер импортталса, тек технологиялық мақсаттарға ғана: консерві, шұжық және тағы басқа үшін», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда етке деген қажеттілік толықтай қамтамасыз етілуде, ал қалғаны шет мемлекеттерге экспортталуда. «Үміт» компаниясы Мәскеуге 1 мың тонна ет жеткізу жөнінде келісім жасады. Рубльдің бағамы құлағанымен, біздің еттерге сұраныс бар. Валюта бағамы орныққаннан соң, экспорт көлемі де арта түседі», — деп түйді сөзін А.Мамытбеков.