Жарияланды: 410

Қазақстанның екінші байланыс спутнигі Байқоңырға үш күннен кейін аттанбақ

Бас конструкторлар кеңесі мен Мемлекеттік комиссия бүгін "ҚазСат-2" байланыс спутнигін Байқоңыр ғарыш айлағына 30 мамыр күні жөнелту туралы және 2011 жылдың 10 шілдесінде оны ұшыру туралы шешім қабылдады, деп Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталық мәлімдеді.

"Кеңес қорытындысы бойынша "ҚазСат-2" ғарыш аппаратын Байқоңыр ғарыш айлағына 2011 жылдың 30 мамырында жөнелту туралы шешім қабылданды. "ҚазСат-2" және SES-3 ғарыш аппараттарын бірлесіп шығаратын "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" Байқоңырда тұр, деп кәсіпорынның бүгін сайттағы хабарламасында мәлімделген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін