Қазақстанның ІІМ Жол полициясы комитетінде қызметкерлер аттестациядан өткізілмек
Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ІІМ Жол полициясы комитетінде қызметкерлер аттестациядан өткізіледі. Бұл жөніндегі бұйрыққа кеше ҚР ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ ақпарат және қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасай отырып. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, министрдің бұйрығымен аттестациялық комиссияның құрамы, аттестация өткізу кестесі, жол полициясының қызметкерлеріне қойылатын талаптардың тізімі бекітілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін