Қазақстанның иптотекалық компаниясының акционері өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.08
  • 558.28
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның иптотекалық компаниясының акционері өзгерді

Қазақстанның иптотекалық компаниясының акционері өзгерді

"Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ өз акционерінің өзгергенін хабарлады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы - KASE сайтында жарияланған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Наурыз 2005
  • 491
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның хабарламасында атап көрсетілгеніндей, бүгінде компанияның бірден-бір акционері — ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады. «Бұл тұрғыда толыққанды ақпарат жарияланбай отыр»,- дейді қор биржасындағылар.

Бұған дейін компанияның жеке акционері болған ҚР Ұлттық банкі «Қазақстан ипотекалық компаниясының» акцияларын сенімді басқаруға беру жөніндегі келісім-шартына сәйкес ҚР заңдары мен ипотекалық компанияның жарғысы бойынша бірден-бір акционердің құзырына берілген мәселелер бойынша шешім шығару құқығын Қаржы министрлігіне берген.
Қазақстан ипотекалық компаниясы несие тарату және факторинг қызметтерін көрсетеді.