Қазақстанның Кеден кодексі жүктерді тасымалдауды жылдамдату бөлімін жетілдіруді талап етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Кеден кодексі жүктерді тасымалдауды жылдамдату бөлімін жетілдіруді талап етеді

Қазақстанның Кеден кодексі жүктерді тасымалдауды жылдамдату бөлімін жетілдіруді талап етеді

Астана. 1-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Кеден кодексі жүктерді тасымалдауды жылдамдату бөлімін жетілдіруді талап етеді. 28 қыркүйек күні өткен "Қазақстандағы экспедитор бизнесі: қорытындылар, мәселелер және даму болашағы" тақырыбындағы халықаралық конференция барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының төрағасы Нығметжан Есенғарин осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 1 Қазан 2007
  • 594
Фото - Caravan.kz

«Біздің пайымдауымызша, кеден, шекара қызметімен қарым-қатынаста біраз мәселелер әлі шешілмеген. Қалай десек те, Кеден кодексі жүктің тасымал жылдамдығын жетілдіруді талап етеді емес пе?», — деді Нығметжан Есенғарин.

«Мемлекет қауіпсіздігін, кірістің толық болуын қамтамасыз ететін заңдардың маңызды екендігінде дау жоқ. Олар әрқашан аталмыш қызметтердің алдында тұрады. Бірақ та, мұның барлығы жүк тасымалын жылдамдату, әртүрлі процедураларды жылдамдату және орындау мүддесімен қабысуы керек», — деп сөзін жалғастырды ол. «Біз транзитті шекарамыздан өту жылдам әрі қауіпсіз болған жағдайда ғана аламыз. Ал егер де, қауіпсіз, бірақ уақыт мүмкіншілік берген кезде ғана десе, біз ештеме ұтпаймыз (транзит көлемінде — «Қазақстан Бүгін» агенттігінің ескертпесі)», — деді Нығметжан Есенғарин.

Оның пайымдауынша, қауымдастық осыған байланысты үкіметке, атап айтқанда Көлік және коммуникация министрлігіне Қазақстан арқылы өтетін транзит көлемін ұлғайту тапсырмасын шешу жолында барлық министрліктер мен ведомстволардың ынта-жігерін біріктіретін арнайы транзиттік комиссия құруды ұсынған.

«Қазір біздің мемлекетіміз арқылы өтіп жатқан транзит көлемі жеткіліксіз және бұл көлемді ұлғайтуға болады. Тіпті біздің ұмтылатын көрсеткішіміз туралы айтсақ, алдағы 5 жылдың ішінде біздің еліміз арқылы өткен транзит көлемін 20 млн тоннаға дейін жеткізу қажет», — деп атап өтті Нығметжан Есенғарин. Оның ақпараттарына сүйенсек, 90-шы жылдардың соңында Қазақстан арқылы өткен және негізінен Орта Азия елдері мен Ресей арасында болған транзит көлемі 3 млн тоннаға дейін түсіп кетсе, өткен жылғы транзит 11 млн тоннаны еңсерген. «Сонымен бірге, Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық өткел транзиті де өсуде», — деп атап өтті қауымдастық төрағасы.

«Экспедиторлық бизнестің рөліне келетін болсақ, біздің алдымызда экспедиторлық компаниялардың дамуының бірінші кезеңін жүзеге асырып, қазіргі уақытта негізінен теңіз көлігі арқылы тасымалданатын транзиттің орасан зор көлемін Қытай, Қазақстан және Ресей арқылы жіберумен байланысты экспедиторлық компаниялардың дамуының жаңа концепциясын жасап шығару міндеті тұр», — деп сөзін қорытты Нығметжан Есенғарин.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті