Қазақстанның көлiк жолдары 5 жылда 80 пайызға жаңарады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның көлiк жолдары 5 жылда 80 пайызға жаңарады

Қазақстанның көлiк жолдары 5 жылда 80 пайызға жаңарады

2020 жылға қарай Қазақстандағы көлiк магистральдарының 80 пайызы жоғары сапада болады. 

  • 29 Маусым 2015
  • 546
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Ерлан Карин мәлiм еттi. 

Оның айтуынша, бұған Қазақстанның көлiктiк-транзиттiк жүйесiн дамыту бағдарламасы арқылы қол жеткiзiледi. 

"Бұл стратегияны жүзеге асыру барысында iшкi көлiк жүйемiз жаңарады. Бүгiнде сарапшылардың деректерi бойынша, елiмiзде магистральдардың 70 пайызы ескi күйде. Алдағы бес жылда бөлiнетiн қыруар қаражаттың негiзiнде 2020 жылы  магистральдардың 80 пайызы жақсы деңгейде, 19 пайызы қанағаттанарлық сапада болады", — дедi ол. 

Сонымен қатар Қазақстанда 300-ге тарта вокзал жөндеуден өтедi 


"600 локомотив, 20 мың жүк және жолаушылар вагондары алмастырылады. Осылайша, Қазақстан аумағы арқылы өтетiн транзит екi есеге, ал одан түсетiн пайда үш есеге артады", — деп атап өттi Е. Карин.