Жарияланды: 470

Қазақстанның көптеген гарнизондарында 60-шы жылдардағы инфрақұрылым сақталған - ҚР Қорғаныс министрлігі

Алматы. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның көптеген гарнизондарында 60-шы жылдардағы инфрақұрылым сақталған. Бұл туралы ҚР Қарулы күштерін орналастыру және құрылыс жөніндегі бас басқармасының бастығы, полковник Әнуарбек Оразалинов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Болат Жаңасаевтың айтуынша, қорғаныс министрлігінде қазір әскери қалашықтарды біріздендіру жұмыстары жүргізілуде, бұл гарнизон инфрақұрылымын дамытуды қарастырады, оларда спорттық-сауықтыру кешендері, оқу және мектепке дейінгі тәрбие, мәдени көңіл көтеру нысандары болмақ. Биыл сонымен бірге, Аягөз, Сарыөзек пен Приозерскіде үш спорт кешені салынады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть