«Сөз электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мінберді үкіметтік емес ұйымдарға беру, соның көмегімен біз оларды толғандыратын мәселелерді көтеру туралы болып отыр»,- деді Е. Ертісбаев.
«Мен көптеген үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен сөйлестім, инттелектуалдық тұрғыдан алып қарағанда бұлар дайындық деңгейі жоғары, кәсіпқой адамдар және олардың дауысы да жұртшылыққа естілуге тиіс»,- деп санайды ол.
«Мен бүгін республика аумағының 98 пайызына тарайтын мемлекеттік арнаға — «Қазақстан» телерадиакомпаниясына шартты түрде «Үкіметтік емес сағат» деп аталатын арнайы бағдарлама әзірлеуге тапсырма беремін,»,- деп қосты министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарына берілетін мемлекеттік ақпарат тапсырыстарының жалпы көлеміндегі үкіметтік емес ұйымдар үшін тапсырыс үлесін өсіруге дайын. «Біз мұны 59 республикалық ірі баспалардың беттері үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына да ұсынылу үшін, сіздер проблемалы мәселелерді өз орталарыңызда ғана көтеріп қоймай, сіздерді бүкіл ел есту үшін жасап отырмыз»,- деп қорытындылады мәдениет және ақпарат министрі үшінші азаматтық форум өкілдеріне қарап сөйлеген сөзін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті