«Біздің 2008 жылғы міндеттеріміздің бірі — үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды өсіру»,- деді Е. Ертісбаев. «Мен кеше ғана ірі халықаралық қоғамдық құрылымдардың өкілдерімен кездестім, олар біздің үкіметтік емес ұйымдарды жеткілікті түрде қаржылындырып отырмағандығымызға тағы да назар аударды»,- деп қосты ол.
Министрдің мәліметтеріне сүйенсек, Мәдениет және ақпарат министрлігі өзінің бюджеттік тапсырысында «келесі жылы тек республикалық бюджеттен үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруға 400 млн теңге» жоспарлаған. «Биылғы республикалық бюджеттен бөлінген қаржы мен жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыны қоссақ 824 млн теңгені құрайды. Бірақ менің пайымдауымша, бұл жеткіліксіз, себебі сіздер үкіметтің серіктесі бола отырып біздің еліміз үшін аса маңызды жұмыстар атқарып отырсыздар»,- деп атап өтті Е. Ертісбаев.
Осыған байланысты ол, екінші Азаматтық форумда елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2010 жылға дейін мерзімде үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметін республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін 1 млрд теңгеге дейін жеткізу міндетін қойғандығын» еске сала кетті. «Бізге стратегиялық бюджеттік жоспарлауды (үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды — агенттік ескертп,) мұқият ойластыру қажет, себебі орталықта да, жергілікті жерлерде де азаматтық секторларды қаржыландыру көлемін өсіруге мүмкіндік беретін жеткілікті резерв бар»,- деген сенімде министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті