Қазақстанның мемлекеттік бюджеті жылдың бірінші жартысында жылдық жоспардың 52% деңгейінде орындалды - Жәмішев - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның мемлекеттік бюджеті жылдың бірінші жартысында жылдық жоспардың 52% деңгейінде орындалды - Жәмішев

Қазақстанның мемлекеттік бюджеті жылдың бірінші жартысында жылдық жоспардың 52% деңгейінде орындалды - Жәмішев

Астана. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мемлекеттік бюджеті жылдың бірінші жартысында жылдық жоспардың 52% деңгейінде орындалды. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінде өткен кеңесте осы мекеменің басшысы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Шiлде 2008
  • 695
Фото - Caravan.kz

«Жалпы алғанда біздің бюджет жылдық жоспардың 52% деңгейінде, соның ішінде республикалық бюджет 49,9% орындалды. Біз жалпы алғанда бюджет орындалады деп санаймыз, өйткені, түсімдердің басым бөлігі дәстүрге сай жылдың аяғында түседі. Ал жергілікті бюджеттерге келсек, ол жылдық жоспардың 57% шамасында. Жергілікті бюджеттер кіріс бойынша жылдық жопарды орындап отыр», — деді Б. Жәмішев.

«Әрине, әр облыста жағдай әртүрлі. Мен осы орайда Астана қаласын атап көрсетер едім, онда басқа өңірлермен салыстырғанда жоспар біршама орындалған жоқ. Бірақ бюджет жалпы орындалады деп ойлаймын», — деді қаржы министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті