Жарияланды: 510

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Испанияның Валенсия қаласында өткен Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеясының жалпы отырысына қатысты

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Испанияның Валенсия қаласында өткен Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеясының жалпы отырысына қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Атлантикалық альянстың мәжілісіне қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қ.Саудабаев әлемдік қоғамдастықтың алдында тұрған түйткілді қатерлер жағдайында өтіп отырған осы форумның өзектілігі мен маңызын атап өтті. "Бұл жағдай бірде-бір мемлекеттің, тіпті бір топ мемлекеттің де басқа жаһандық және өңірлік әріптестерінсіз өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауқарсыз екенін көрсетіп отыр. Біз кең ынтымақтастық пен халықаралық құқық нормалары негізінде тұрақты әрі сындарлы өзара іс-әрекет ететін қауіпсіздіктің өңірлік құрылымдарын құру арқылы ғана нағыз қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болатынына сенімдіміз", - деп атап көрсетті ҚР мемлекеттік хатшысы. Қ.Саудабаев Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ өңірдегі және жаһандық деңгейдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған берік әрі дәйекті күш-жігерді ұстанып отырғанын мәлімдеді. Форум аясында сондай-ақ Қанат Саудабаев Солтүстік Атлантикалық альянстың бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен және Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Жозе Мануэль Лелло Рибейру де Алмгейдпен екі жақты кездесулер өткізді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін