"Шу станциясының теміржол вокзалында Бішкек-Свердловск қатынасындағы поезға отыру кезінде Қырғызстанның 27-жастағы азаматы ұсталды, оның сөмкесінен есірткі заты- салмағы 10 кило 130 грамм героин шықты", делінген сәрсенбіде баспасөз қызметінен таралған ақпаратта.
Бұл факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, делінген ақпаратта.
Шу станциясында ұсталған жігіт изоляторға отырғызылды, тергеу жүргізілуде.