Қазақстанның оңтүстігінде жол апатынан автобустың он жолаушысы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның оңтүстігінде жол апатынан автобустың он жолаушысы қайтыс болды

Қазақстанның оңтүстігінде жол апатынан автобустың он жолаушысы қайтыс болды

 Жамбыл облысында жолаушылар автобусы аударылып он адам көз жұмған.

  • 9 Ақпан 2015
  • 383
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Шымкентке бет алған Vanhool маркалы автобусы көктайғақ салдарынан Алматы – Астана жолының 394-ші км жерінде аударылған.
Апаттан он адам көз жұмды. Үш адам Приозерск қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Өзге жолаушыларға дәрігерлік көмек көрсетіліп, тұрғылықты жерлеріне жеткізілді.
Осы факті бойынша тексеру жүруде. Автобус жүргізушісі уақытша оқшаулағышқа қамалды.