«Біз 10 жыл ынтымақтастық ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Және де ол жетістіктер біздің достығымыз бен Қазақстан аумағында барлау жұмыстарын жүргізуді күшейтуге деген сенімділігімізді нығайта түсуде, біз осы бағыттағы инвестицияны көбейтпек ниеттеміз»,- деп атап өтті Цзян Цземин.
Қазақстан үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов өз кезегінде ынтымақтастықтың одан әрі табысты болатындығына үміттенетіндігін айтып өтті. «Қазақстан Қытаймен, атап айтқанда «CNPC» корпорациясымен ынтымақтастыққа үлкен назар аударып отыр»,- деп атап көрсетті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті