«Аталмыш сапар аясында Қазақстан үкіметінің басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылығымен кездеседі деп жоспарланған. Кездесулер барысында 2006 жылдың ақпан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары кезінде қол қойылған «Қазақстан Республикасы — Біріккен Араб Әмірліктері: Даму жоспарының» орындалуы, сондай-ақ 2007 жылдың қараша айында ҚР президентінің Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың имплементациялануы талқыланады», — деп хабарлады Қазақстан СІМ-нің ресми өкілі.
«Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы кең ауқымды әріптестіктің негізі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық болып табылады. Бұл энергетикалық және ауылшаруашылық салаларындағы біріккен жобаларды жүзеге асырумен, өзара сауда-саттық түрлерін кеңейтумен, әмірлік инвесторларын жылжымайтын мүлік, сумен қамтамасыз ету, энергетика және инфрақұрылымдық нысандар салу сияқты салаларды дамытуға тартумен қорытындыланады»,- деп атап көрестті сыртқы істер министрлігінің өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті