Жарияланды: 1300

Қазақстанның қазынашылық жүйесі үш жылдық бюджет жасау аясында жұмыс істеуге толық дайын - қаржы министрі

Астана. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның қазынашылық жүйесі үш жылдық бюджет жасау аясында жұмыс істеуге толық дайын. Бұл туралы бүгін Астана қалалық қазынашылық департаментінде үкімет басшысының қатысуымен өткен кеңесте еліміздің қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Еліміздің қазынашылық жүйесі Бюджеттік кодекстегі жаңалықтарды 1 қаңтардан бастап қандайбір қиындықсыз және айтарлықтай түзетулерсіз жүзеге асыруға дайын", - деді Б. Жәмішев. "Қазынашылық мекемесінің ақпараттық жүйесі айтарлықтай түзетуді қажет етпейтін жағдайда құрылған. Жалғыз ерекшелік, егер бұрын міндеттемелер бір жылға тіркелсе, енді үш жылдық бюджет болатындығына байланысты міндеттемелер үш жылға тіркеледі", - деді министр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть