«Біз бүгінде жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға қатысты жұмысты аяқтап қалдық, келесі жылдан бастап осында, Астанада 250 орынға арналған үлкен көпфункциялы аурухана сала бастаймыз»,- деді Д. Ахметов.
«Біз Қазақстанның Қарулы күштерінің әскерлері жоғарғы медициналық технологияға қол жеткізгендігін қалаймыз, және де сонымен қатар бірінші кезекте әскер мұқтаждығына қызмет ететін, екінші кезекте ізбасарларымыздың денсаулығын қадағалайтын н үлкен емхана салынады»,- деп қосты ол.
Журналистердің аталмыш жобаның құны жайындағы қойған сұрақтарына жауап бере отырып, қорғаныс мекемесінің басшысы «бұл мәселе бүгін талқыланады» деп түсіндіріп өтті. «Қорғаныс министрлігі алдына бұл аурухананы еліміздегі ең үздік мекеме ретінде жасау мақсатын қойғандығын айта аламын»,- деп атап көрсетті Д. Ахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті