Жарияланды: 750

Қазақстанның Қылмыстық кодексі қайта жазылуы мүмкін

Қазақстанның Қылмыстық кодексі қайта жазылуы мүмкін

Қылмыстық үдерістерді реформалау мәселесінің қорытындысы бойынша елімізде жаңа Қылмыстық кодекс жазылуы мүмкін немесе оның басым бөлігі қайта жазылады.

Бұл туралы бүгін Алматыда Қылмыстық іс жүргізуді одан әрі реформалау мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» барысында ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Талғат Донақов айтты. Оның сөзіне қарағанда сотқа дейінгі қылмыстық өндірісті реформалау идеясы ғылыми-сарапшылық талқылауынан өтіп, түрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардың қарауына жеткен. «Бұл қазіргі Қылмыстық өндіріс жүйесін реформалауға байланысты құжаттарды дайындау жұмысының басталғандығын білдіреді. Бұл ауқымды, жоспарлы, күрделі жұмыс, тек бір ғана заң бойынша ондаған өзгеріс керек»,- деді ол. Т.Донақовтың айтуынша егер жаңа Қылмыстық кодекс қабылданып немесе өзгертілсе прокурорлар мен соттардың, мемлекеттік тексеру аппаратының рөлі өзгереді. «Бізге қазір бұл реформаға қаншалықты дайындығымызды түсіну керек. Өйткені тек қана заңды ғана емес, мамандарды дайындау керек. Қылмысты ашу мен қылмыстық үдерістерді бақылаушы мамандардың көпшілігі кеңестік жүйеден қалған, сот өндірісі үрдістері де өткен тәжірибелерге сүйеніп жасалады»,- деді ол. Т.Донақов бұл жұмыстардың бір күндік еместігін, кезең-кезеңімен қабылдау, сондай-ақ өрескел қателердің болмауы, жаңа жүйеге аса қиындықсыз көшуі үшін бірнеше жылға созылуы мүмкіндігін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть