Қазақстанның резиденті емес сақтандыру компаниялары капитал ағынының Қазақстаннан тысқары ағылуына түрткі болуда- ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның резиденті емес сақтандыру компаниялары капитал ағынының Қазақстаннан тысқары ағылуына түрткі болуда- ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары

Қазақстанның резиденті емес сақтандыру компаниялары капитал ағынының Қазақстаннан тысқары ағылуына түрткі болуда- ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары

"Қазіргі ең бір күрделі проблемалардың бірі -Қазақстанның резиденті болып табылмайтын сақтандыру компаниялары мен сақтандыру агенттерінің республика аумағында заңсыз жұмыс істеуі болмақ. Олардың арасынан "Si Save Invest Limited", "Medlife" және "American Sacuritylife" тәрізді компанияларды атауға болады". Бұл туралы бүгін, 10-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қанат Досмұхаметов хабарлады.

  • 10 Наурыз 2004
  • 848
Фото - Caravan.kz

Қ.Досмұхаметовтың айтуынша, соңғы бірнеше жылда бұл ұйымдардың іс-қызметі жалпыхалықтық сипат алып, қаржылық пирамида кейпіне көше бастады : басқа клиенттерді тауып тарта білген сақтандырушы үстеме комиссиялық сыйақыға ие болады. Қ.Досмұхаметовтың пікірінше, «мұндай ұйымдардың екпінді жұмыс істеуіне халық арасында олардың заңсыз іс-қызметі туралы ақпараттың тапшылығына байланысты болмақ».

«Осындай компаниялардың елімізде жұмыс істеуі капитал ағынының Қазақстаннан тысқары ағылу қаупін күшейтіп отыр. Статистикалық орташа бойынша бір сақтандырушы мүлкі мен өмірі сынды мүддесін 10-15 жылға сақтандырғаны үшін 500 доллардан астам қаржыны сақтандыру сыйақысы ретінде төлейді. Демек, осыған қарап-ақ елімізден шығарылып жатқан қаржы көлемін есептей беруге болар»,- деді Қ.Досмұхаметов.
«Ресейде осындай іс-қызметке баға беруге талпыныс жасалған көрінеді. Тек соңғы бірнеше жылда бір ғана «Si Save Invest Limited» компаниясы 2,5-4 млрд. доллар көлеміндегі қаржыны Ресейден шығарып әкеткен»,- деді ол.
Ал ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің төрағасы Болат Жәмішевтің айтуынша, «бұл жерде әңгіме дүниежүзіне танымал халықаралық сақтандыру компаниялары туралы болып отырған жоқ. Осындай танымал компанияның атауынан айыра тану қиындық тудыратын , атауында бір әріп немесе тіпті бір белгі жетіспейтін алаяқ компаниялар көп». «Мұндай ұйымдардың еліміз аумағында жұмыс істеуі халық үшін үлкен қауіп тудыратыны сөзсіз. Сол себепті осындай алдамшы ұйымдар туралы өзімізге белгілі болған ақпараттан тұрғындарды құлағдар ету, оларды осындай компаниялардың қызметін тұтынудан сақтандару біздің міндетіміз деп санаймыз»,- деді Б.Жәмішев.
«Мұндай компаниялардың жұмыс схемасының күрделілігі сондай, оларға қандайбір айып немесе кінә тағып, наразылық білдірудің өзі қиындық тудырады»,- деді агенттік төрағасы.

Соңғы жаңалықтар