Қазақстанның шенеуніктері мейрамханаға баруға қорқады. Өйткені... - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның шенеуніктері мейрамханаға баруға қорқады. Өйткені...

Қазақстанның шенеуніктері мейрамханаға баруға қорқады. Өйткені...

Солтүстік Қазақстан облысының мейрамхана иелері мемлекеттік қызметшілер қоғамдық тамақтану орындарына мүлдем бармайтын болғаннан соң табыс азайғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды "Астана".

  • 15 Қаңтар 2019
  • 100
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Қазақстанда әлеуметтік желіде "бейәдеп", той үстіндегі және бос уақытындағы беделіне нұқсан келтіретін суреттерді жариялаған мемлекеттік қызметшілерді жазалай бастаған  еді: мысалы, шарап немесе қарумен түскен, байлығын паш еткен суреттер және тағы басқалары. Арнайы қызметтер шенеуніктердің жеке парақшаларын бақылап, мейрамхана маңында қызметтік көліктердің бар-жоғын тексеріп отырады. 

Енді мемлекеттік қызметшілер бір түсінбестік болып, этикалық норманы бұзды деген айып тағылмас үшін дәмхана мен мейрамханаларда түскі ас ішпеуге тырысады, тіпті ұжымдық мерекелер де өткізбейді.

Бұл үрдіс дәмхана мен мейрамханалар кірісіне айтарлықтай әсерін тигізді, деп шағымданды Солтүстік Қазақстан облысы мейрамхана және қонақүй иелері қауымдастығының төрағасы Сайран Хамзин.


Негізінде бұған дейін облыста бірде-бір шенеунік мас күйінде ұсталмапты.