Жарияланды: 470

Қазақстанның шығысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталуда - ТЖМ

Астана. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның шығысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде жоғарғы өрт қаупі сақталуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 - 22 метрге дейін, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында 25 метрге дейін жетеді. Қызылорда облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15 - 22 метрге жетеді, кей жерлерде шаңды боран соғады. Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 17 - 22 метрге жетеді. Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 17 - 22 метрге жетеді, жағалауда тұман түседі. Алдағы тәуліктерде оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы өзендерінде су деңгейі ауытқиды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть