Қазақстанның солтүстік бөлігінде таяудағы үш күн жауын-шашынды болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның солтүстік бөлігінде таяудағы үш күн жауын-шашынды болады

Қазақстанның солтүстік бөлігінде таяудағы үш күн жауын-шашынды болады

«Қазгидромет» РМК 28-30 маусымға арналған ауа райы болжамын таратты.

  • 27 Маусым 2016
  • 278
Фото - Caravan.kz


Синоптиктердің айтуынша, Батыс Сібірге терең және  белсенді циклон орналасқан.  Соған байланысты атмосфералық ағындар Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс облыстарына ықпал ететін болады. Жауын-шашынды болып, найзағай ойнап,  жер-жерде жел күшейіп, бұршақ түседі, температура қалыптағы нормадан 2-4ºС-қа төмендейді деп күтілуде. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда жоғары атмосфералық қысым ықпалымен ауа райы ыстық, жауын-шашынсыз болады деп болжанады.