Жарияланды: 360

Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 10,9 пайызға өскен

Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 10,9 пайызға өскен.

Бұл туралы бүгін Астанада Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті. «2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 101657,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 10,9% өсті», - деді Ә.Смайылов. Оның ішінде экспорт - 69546,7 млн. АҚШ долларын (5,6% өсті), импорт - 32111,1 млн. АҚШ долларын құраған (24,5% өсті). Есепті кезеңде бөлшек және көтерме сауда көлемі де артқан. Бөлшек сауданың көлемі биыл 3390,7 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 12,8% өсіп отыр. Ал көтерме сауда көлемі 8943,3 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 14,9% артты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін