Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық және басқа да салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық ахуалына баға берді.
Сонымен бірге, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесі мен мемлекет басшылары кеңесінің алдағы отырыстарына қатысты мәселелер мен екі жақты және көп жақты ынтымақтастықтың басқа да мәселелері талқыланды.
Еске сала кетейік, осы жылдың мамыр айында Ахметов Әбутәліп Ібіжанұлы Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Әбілдаев Ерлан Әділханұлы Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті