Жарияланды: 580

Қазақстанның темір жол ауруханалары мен емханалары ҚР ТЖМ-нің қарамағына өтеді

Қызылорда. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның темір жол ауруханалары мен емханалары ҚР ТЖМ-нің қарамағына өтеді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров Қызылордаға жұмыс сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Облыстық телеарнаға берген сұхбатында генерал-майор бүгінде республиканың ТЖМ-інде әкімшілік реформа жүргізіліп жатқанын атап өтті. "Сол реформаның аясында еліміздің барлық өңірлеріндегі темір жол ауруханалары мен емханалары ҚР ТЖМ-нің қарамағына өтеді. Осы мекемелердің базасында апаттық медицина орталықтарын құру көзделген", - деді В. Петров. В. Петров сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі біріккен аумақтық депаратменттің жаңа жетекшісі Бахтияр Қадырхановты таныстырды. Министрліктегі әкімшілік реформаның аясында облыстық төтенше жағдайлар департаменттері, өртке қарсы күрес қызметтері, төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қадағалау басқармалары өзара біріктірілген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть