Қазақстанның теннисті дамытуға және оның кең таралуына мүмкіндігі бар - Халықаралық теннис федерациясының президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның теннисті дамытуға және оның кең таралуына мүмкіндігі бар - Халықаралық теннис федерациясының президенті

Қазақстанның теннисті дамытуға және оның кең таралуына мүмкіндігі бар - Халықаралық теннис федерациясының президенті

Астана. 15 -ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның теннисті дамытуға және оның кең таралуына мүмкіндігі бар. Бұл туралы Халықаралық теннис федерациясының президенті Франческо Риччи Битти президентпен кездесуде пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Ақпан 2008
  • 527
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық теннис федерациясының президенті Франческо Риччи Биттиді және Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищевті қабылдады.

Кездесу барысында отандық теннистің даму перспективасы, атап айтқанда қазақстандық спортшылардың халықаралық теннис турнирларына қатысуы, сонымен бірге осы спорт түрінің біздің елімізде кеңінен таралу мәселесі талқыланды.

Қазақстанның теннисті дамытуға және оның елімізде кең таралу мүмкіндігі барлығы ескерілді. Оған лайық елімізде теннис корты, турнирлер мен жарыстар өткізу, жақсы жаттықтырушылық (тренерлік) база бар. Елімізде бірнеше ұлттық теннис орталықтары құрылмақ және теннисті дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленген.

Осы спорт түрінің шетелдік қайраткерлері Халықаралық теннис федерациясы мен Ресей теннис федерациясы Қазақстанда теннисті дамытуға, атап айтқанда маңызды халықаралық турнирлерді өткізуге барынша көмек көрсететіндерін жеткізді.

«Біздің кездесуіміз өте жемісті болды. Президент мырза теннисті өте тамаша ойнайды. Егер барлық мемлекеттер президенттері арасында турнир өткізілсе, оның жеңімпаз болатынына сенімдімін. Сіздердің елдеріңіздің теннис спортын дамыту әлеуеті мол. Президенттің өзі теннис ойнайтындықтан маған онымен сөйлесу қиынға соққан жоқ. Қазақстан үшін осы спорт түрінің дамуына Ресей мектебін үлгі ретінде келтіруге болады. Қазақстан эксперимент негізінде еуропалық турнирлерге өте мықты және талантты ойыншыларды қатыстыра алады деген сенімдемін», — деді журналистерге берген брифингте Франческо Риччи Битти.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті