Қазақстанның тұрақты экономикалық және саяси ахуалы көршілес мемлекеттерден босқындарды тартуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның тұрақты экономикалық және саяси ахуалы көршілес мемлекеттерден босқындарды тартуда

Қазақстанның тұрақты экономикалық және саяси ахуалы көршілес мемлекеттерден босқындарды тартуда

Астана. 14-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның тұрақты экономикалық және саяси ахуалы көршілес мемлекеттерден босқындарды тартады. Мұндай пікірін бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі бас комиссары Антонио Гутеррес Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Сағынбек Тұрсыновпен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Қараша 2007
  • 476
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар үстіміздегі жылы адам құқықтары жөніндегі комиссияның қатысуымен дайындалған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының қорғалу жайы жөніндегі базалық баяндаманы талқылады.

Баяндама «арнайы әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне негізделген». Құжат осы саладағы ұлттық заңнамаға салыстырмалы талдау жүргізуді, мемлекеттік органдардың іс-қызметін бағалауды, құқықтық саясатты, ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасын Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық пактілер мен конвенциялардың нормаларына сәйкес одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарын қамтиды.

Ол сондай-ақ, «Қазақстан ТМД мен Орталық Еуропа елдерінің ішінде бірінші болып осындай базалық баяндама жасап отыр. Ол мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауын тауып, адам құқықтары саласындағы іс-әрекеттердің алдағы бес жылға арналған ұлттық жоспарын әзірлеудің негізін құрайды», деп атап өтті. А. Гутеррес «дайындалған базалық баяндаманы жоғары бағалап», Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылыс білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті