Қазақстанның Түркиядағы елшісінің жүргізушісі жол апатынан қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Түркиядағы елшісінің жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

Қазақстанның Түркиядағы елшісінің жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

Анкарада сенбі кешке консулдықтың автомобилі жол апатына ұшырады. Қазақстан елшісінің жүргізушісі қаза тапты, консулдықтың үш қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды Cihan.

  • 11 Сәуiр 2016
  • 338
Фото - Caravan.kz

Жол апаты сенбі күні сағат 22-30 шамасында Анкарадағы Кануни Сұлтан Сүлеймен бульварында орын алған. Жүргізуші Ферхат Севиль көлік тізгініне ие бола алмай қалған, автомобиль жол шетіндегі кедергіге соғылып барып тоқтаған, деп хабарлайды басылым.

Полиция, жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметінің командасы оқиға орнына келіп жеткен, олар төрт адамды көліктен алып шыққан.

Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсеткенімен жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.


Оқиға бойынша тергеу жұмыстары қолға алынды.