Қазақстанның ТЖМ екі "жалған сөйлеу детекторын" сатып алды, деп хабарлады ведомство басшысы Владимир Божко.
"Елбасының тапсырмасына орай министрліктің қызметкерлері мінсіз болуға тиіс және олардың кәсібилігінің жоғары болуы шарт. Осы орайда кадрларды іріктеу және орналастыру мәселесі өзектендіріле түспек", деді ол жұмада президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
"Министрлікте қызметкерлерді аттестациялаудың жаңа процедурасы белгіленді. Міндетті түрде олар психологиялық тұрақтылық тестісінен өтеді. Бас прокуратурамен міндетті аттестациялауға полиграфологиялық зерттеуді енгізу мәселесі пысықталуда. Ондай екі жабдық сатып алдық", деді ол.