Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының «Сырым автокөлік» бақылау-өткізу пунктінде Бішкек қаласының тұрғынының басқаруындағы Ресей қалаларының біріне кетіп бара жатқан жеңіл автокөлік тоқтатылған. Аталмыш көлікті тексеру барысында құпия орыннан героин және гашиш салынған 50 текше табылған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 кг героин мен 20 кг гашишті құраған.
Ары қарай жалғастырылған жедел-іздестіру шараларының барысында есірткі жүгін жіберуші қамауға алынды. Ол да Қырғызстан азаматы болып шықты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті