Қазақстанның үш облысында бұрқасын соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның үш облысында бұрқасын соғады

Қазақстанның үш облысында бұрқасын соғады

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады

  • 4 Қараша 2018
  • 76
Фото - Caravan.kz

 Бүгін Қазақстанның басым аумағында қар жауады, үш өңірде бұрқасын соғады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің сайты.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады, желдің екпіні күндіз 25 м/с-ке дейін барады. Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында кейбір аймақтарда бұрқасындатып, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысында – тұман, көктайғақ, жел.

Жамбыл облысында да тұман түсіп, жел тұрады.


Алматы, Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда.

Павлодар, Қарағанды облыстарында – тұман, көктайғақ.

Батыс Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жауын-шашын, бұрқасын және көктайғаққа қарамастан, республика бойынша ауа температурасы —3 градустан төмен болмайды.

Бүгін ауа температурасы +4 градустан – 3 градусқа дейінгі аралықта болады деп болжанып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар