Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2020 жылдың 29 қыркүйегінде Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Балқаш қалаларында ауаның метеорологиялық ластану жағдайлары күтіледі.
Синоптиктердің болжамына сәйкес Алматы, Қарағанды, Тараз, Теміртау, Өскемен, Шымкентте ауа-райы қолайлы болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы.