Қазақстанның вакциналау паспорты қай елдерде мойындалады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның вакциналау паспорты қай елдерде мойындалады

Қазақстанның вакциналау паспорты қай елдерде мойындалады

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, кез келген елге ПТР-анықтамамен кіруге болады.

  • 16 Маусым 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық вакциналау паспорты үш елде мойындалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

"Қазір үш ел екіжақты форматта вакциналау паспорттарын өзара мойындау туралы ниет білдірді. Олар – Моңғолия, Венгрия, Таиланд. Біз қазір олармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұдан бөлек, Түркия, Кипр және барлық елдің вакциналау паспортын мойындайтын елдер және тағы басқалары", — деді Цой баспасөз мәслихатында.

Ол қазір сыртқы істер министрлігі серіктес елдермен вакциналау паспорттарын өзара мойындау мәселесін пысықтап жатқанын атап өтті.

Бірақ, министрдің айтуынша, кез келген елге ПТР-анықтамамен кіруге болады, сол себепті ковид паспорттарына тіреліп қалудың қажеті жоқ.


"Егер қолыңызда вирус жұқтырмағаныңыз туралы ПТР-тест нәтижесі болса, елге тып-тыныш кіре аласыз. Сондықтан бұл жерде еш проблема болмауға тиіс", — деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Қазақстан Венгрия, Таиланд және Моңғолияның вакцина салдырған азаматтарына елге кіруге рұқсат етті.

Соңғы жаңалықтар