Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясы өткен жылдың маусым айы мен осы жылдың мамыр айы аралығындағы Алматыдағы баспана құнының өзгеру динамикасын келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясы өткен жылдың маусым айы мен осы жылдың мамыр айы аралығындағы Алматыдағы баспана құнының өзгеру динамикасын келтірді

Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясы өткен жылдың маусым айы мен осы жылдың мамыр айы аралығындағы Алматыдағы баспана құнының өзгеру динамикасын келтірді

Алматы. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясы өткен жылдың маусым айы мен осы жылдың мамыр айы аралығындағы Алматыдағы баспана құнының өзгеру динамикасын келтірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Шiлде 2008
  • 495
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының мәліметінше, Алматыдағы екінші нарықтағы баспана құны орта есеппен 58,5%-ға төмендеді. Ал жаңадан салынған үйлердің бағасы бұдан сәл аз — 20 — 30%-ға арзандады. Алайда, мамандардың хабарлауынша, қазір жылжымайтын мүліктің бірінші нарығында әзірге тоқырау байқалып, пәтерлер іс жүзінде сатылмай тұр. Ал екінші нарықта сәл-пәл жандану байқалып, федерация вице-президенті Александр Калининнің сөзімен айтсақ, «кейбір секторларда бағаның көтерілу элементтері қылаң берді».

«Бірінші кезекте бұл 1-2 пәтерді арзан үйлер мен жалға беру ставкаларына байланысты. Мәселен, ықшамаудандарда бір-екі аптадан бері 0,5 — 2% өсім байқалған. Бір жағынан бұл таңданыс тудырады, өйткені, жаз — жылжымайтын мүлік нарығы үшін өлі маусымға саналады. Бірақ, кейбір себептерге байланысты, соның ішінде баға ең төменгі шешіне жетуге байланысты сататын және сатып алатын уақыт жетті», — деді А. Калинин.

Оның айтуынша, сұраныс әзірге тым жоғары емес, ол ұсынысқа шаққанда 1 де 5 болып тұр. Ал таяуда ғана бұл арақатынас 1 де 15 болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті