Жарияланды: 20

Қазақстан-Қытай қоры кірісінің жекелеген түрлерін салықтан босату туралы келісім қабылданды

Қазақстан-Қытай қоры кірісінің жекелеген түрлерін салықтан босату туралы келісім қабылданды

Бүгін Сенат «ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстанға тікелей инвестициялар салуды жүзеге асыратын Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттарының ынтымақтастығы қоры кірісінің жекелеген түрлерін салық салудан босату туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын қабылдады.

Осыған орай, сенатор Сәрсенбай Еңсегенов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбекке Қазақстан мен Қытай арақатынасына қатысты бірқатар сұрақ қойған еді.

«Кеше Үкіметте өткен құрылымдық өзгерістерге байланысты алдағы уақытта бұл келісімді қай министрлік бақылайды? Екіншіден, жаңа өзіңіз келісімнің 2-ші бабына сәйкес Қорды дивидендтерге салынатын салықтардан босату көзделгенін айтып өттіңіз. Бірақ, келісімде тек қана Қор емес, осы Қор арқылы жұмыс жасайтын компанияларды да осындай салықтан босату қарастырылған. Ал бұндай компаниялардың тізімін Үкімет бекітеді дейді. Осы тізім бар ма? Қандай, неше компания? Және бір сұрағым, Қытайдың ақшасы жүрген жерде Қытай жұмысшылары бірге ілесіп жүреді. Бұл жерде жоғарғы санаттағы білікті мамандар ғана емес, қарапайым қара жұмысшылар да бар. Сіз осы келісім қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деп айттыңыз. Қазақстандағы еңбек нарығын қорғауға байланысты қарапайым қара жұмысшыларға шектеу салу төңірегінде қандай ұстынамдарыңыз бар?», - деп сұрады депутат Сенат отырысында.

Жеңіс Қасымбек бірінші сұраққа болашақта бұл мәселемен Сыртқы істер министрлігі айналысады деп жауап берді. Яғни, аталған келісімді СІМ бақылайды.

«Келесі сұрағыңыз бойынша, сіз айтқан тізім қазіргі күні жоқ. Ратификция енді бітіп жатыр. Осыдан кейін мына жобалардың тізімі бекітіледі. Сонда қандай компаниялар осы келісімге сәйкес сол дивидендтер бойынша жеңілдіктерді алатыны түсінікті болады. Үшінші сұрағыңыз – жұмыс орындары бойынша, мысал ретінде бірнеше жобаны айтып берейін. Мысалы, Ақтоғай жобасы, ол үлкен кен орны, сол жерде кезінде Қытай жұмысшыларымен байланысты бір проблемалар болған. Қазіргі күні бірде-бір Қытай жұмысшысы ол жерде жұмыс істемейді. Тек қана жергілікті азаматтар жұмыс істейді. Осы келісім бойынша бізде мысалы Қытай тарапынан жобаға 30 пайызға дейін кіретін болса, жұмысшыларды осы пропорциямен аламыз. Тек қана жоғары білікті жұмысшылар квота бойынша тартылатын болады», - деді Жеңіс Қасымбек.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть