Бұл туралы пікірді babr24.com порталына Дмитрий Верхотуров есімді автор жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Мақаланың қысқаша адармасы мынадай:
«Қазақстанда ұлтаралық араздықты қоздыруға қарсы күресімен танымал блогер Әлжан Ысмағұлов таңғаларлық дәл әрі терең ой айтты. Мен оның ойымен келісемін. Сөзбе сөз айтқанын қайталай алмаймын, есімде қалғаны бойынша мағынасы келесідей болды. «Орыстар енді бізге сенбейді, деді Ысмағұлов. Өйткені Ресей көп өзгерді; олар енді жаңа өмір құруға шын ықыласпен аттанған бір кездегі большевиктер емес. Ресей қазақ ұлтшылдығына немқұрайлы қарауы мүмкін, бірақ сонымен бірге Қазақстанды шикізат, экономикалық және адам ресурстары шығарылатын аумақ ретінде қабылдайды. Ысмағұлов мұны өз елі үшін үлкен қауіп деп санайды, өйткені Ресейдің мұндай көзқарасы Қазақстанды шеткері аймаққа айналдырады.
Қазақтың өзі дәл мұндай пікір айтуы мені таң қалдырды. Бірақ, алдында айтқанымдай, мен онымен келісемін, неге? Шынында да, большевиктер, негізінен орыстар басқа еуропалық ұлттармен бірге Қазақстан үшін ерекше еңбек сіңірді. Оны ортағасырлық күйден өркениетке жеткізді. Зауыттар, үлкен және жайлы қалалар мен елді мекендер пайда болды. Суық киіз үйлердің орнына жылы, жарық, суы және басқа да тұрмыстық жағдайлары бар үйлер мен пәтерлер пайда болды.
Біздің арғы аталарымыз, әкелеріміз жаңа Қазақстанды құрды. Ал осы еңбегі үшін өздері де, ұрпақтары да қандай сый алды? Егер боямасыз айтсақ, бетінен түкірік алды. Олар өздері көтерген республикадан қорланып, қудаланып, тоналып, қуыла бастады. 1990 жылдардағы оқиғалар мен орыстардың Орталық Азиядан, оның ішінде Қазақстаннан қоныс аударуын біз ұмытқан жоқпыз.
Демек, Ысмағұловтың берген бағасы дұрыс – қазақтар үшін жасалған әрбір істен соң бетіңе түкірік тиетін болса оларға сенім жоқ.
Мен өз тарапымнан Әлжан Ысмағұловтың пікіріне мынаны қосар едім:
Қазақтарға сенім жоқ. Неге?
Біріншіден, Қазақстан достықтан бас тарты.
Екіншіден, өз тарихының ең маңызды кезеңін жамандап, еліне, тарихына түкірген адамдарға сенуге болмайды. Бұл бүгінгі Қазақстанның Кеңес өкіметіне деген көзқарасына қатысты.
Үшіншіден, өз мемлекеті мен ұлттық мүддесіне қайшы әрекет ететін, елін түрлі шетелдіктерге беруге дайын адамдарға сенуге болмайды.
Егер қазақтар өзін соншалықты бағаламаса, жақсы көрмесе, оларға көмектесу екіталай», деп жазыпты Дмитрий Верхотуров