"Қазақтарды жаттықтырған біз, олар енді әлем чемпионаттарында жеңіске жетуде" Ресейлік БАҚ қазақтар туралы не жазуда? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтарды жаттықтырған біз, олар енді әлем чемпионаттарында жеңіске жетуде" Ресейлік БАҚ қазақтар туралы не жазуда?

"Қазақтарды жаттықтырған біз, олар енді әлем чемпионаттарында жеңіске жетуде" Ресейлік БАҚ қазақтар туралы не жазуда?

Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда? Қандай хабарлар таратуда?

  • 27 Желтоқсан 2023
  • 273
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы да Caravan.kz медиа порталы Ресейлік БАҚ-қа шолу жасап, орыс тілінен аударылған материалдарды назарларыңызға ұсынады.

"Яндекс" сервері Қазақстанға көшірілді — Ведомости

Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Telegram-арнасында жазылды.

"Жұмыстар осы жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан СІМ-мен келісілген жоспар бойынша жүргізілді. Енді yandex.kz ел ішінде орналасқан серверлерде жұмыс істейтін болады", — делінген хабарламада.

Министрлікте бұл үшін "Яндекс" командасы Қазақстанға құрал-жабдықтар әкеліп, оны пайдалануға бергені айтылды. Сәтті жүктеме тестілеуінен кейін портал yandex.kz толығымен жергілікті серверлерге ауыстырылды.

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин серверлерді көшіруді маңызды қадам деп атады. Оның айтуынша, ведомство ел азаматтарының қауіпсіздігіне көп көңіл бөледі.

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанға Қорған қаласының мыңдаған шыршалары жіберілді — Ura.news

Қорған облысынан Қазақстанға Жаңа жыл алдында 18,5 мың шырша экспортталды.

Бұл туралы URA.RU Россельхознадзор Басқармасының Челябі және Қорған облыстары бойынша баспасөз қызметі хабарлады.

"Жаңа жыл қарсаңында Челябі және Қорған облыстарының аумағынан Қазақстан Республикасына 18,5 мың Рождестволық ағаш экспортталды",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Екі мың шырша мен қарағайдың тағы бір партиясы Новосібір облысына жіберілді. Барлық ағаштар карантиндік фитосанитарлық бақылаудан өтті.

Қазақтарды жаттықтырған біз, олар енді әлем чемпионаттарында жеңіске жетуде — matchtv.Ru

"Ресей 25" командасының бас бапкері Роман Ротенберг қазақстандық хоккейшілер туралы өз ойын айтты.

"Астанада өткен турнирде Қазақстанды қалай дайындағанымызды көрсеңіздер. Олар мамыр айында өткен әлем чемпионатында Норвегияны жеңді. Қазақтар бізге хабарласып, алғыстарын білдірді, — деп пікір білдірді Ротенберг.

Соңғы жаңалықтар