Қазақтілді сайттардың салмағы да артып келеді — Дәурен Абаев - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтілді сайттардың салмағы да артып келеді — Дәурен Абаев

Қазақтілді сайттардың салмағы да артып келеді — Дәурен Абаев

Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақтілді контентті дамытуға арналған «QAZAQFORUM - 2018» конференциясында мәлім етті.

  • 6 Желтоқсан 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

Шараны ашқан ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақтілді контенттің саны артып келе жатқанын алға тартты. Оның айтуынша, бүгінде басты мақсат — сол контенттің сапасын арттыру.

«Бүгінде қазақтілді сайттардың саны мен қатар салмағы да артып келеді. Уақыт талабына сай өз аудиториясын қалыптастырған бәсекеге бейім порталдардың қарасы көбейіп жатыр. Осы қарқын жалғасса, мемлекеттік тіліміздің мәртебесі өседі», — деді Д.Абаев.

Ведомство басшысы хабарлағандай, ақпараттық сайттар арқылы мемлекеттің саясатын xалыққа жылдам жеткізуге мүмкіндік бар. Мысалы, xалық Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының мағынасына тереңірек үңілді.

«Осындай ауқымды жұмысты атқарғандарыңыз үшін ақпарат және коммуникациялар министрлігі атынан сіздерге алғыс айтамыз. Әлем бір орында тұрған жоқ. Интернет түрлі бағыттар бойынша жан-жақты дамып жатыр. Сол себепті аудиторияға қызықты контент, оқырманға тартымды портал қалыптастыру — бүгінгі заман талабы. Қазір қазақтілді сайттардың өз бағыты қалыптасып келеді. Осы жайт көңілге қуаныш ұялатады. Бүгінде нақты дерегі бар қысқа да нұсқа ақпарат құнды. Осыдан он жыл бұрын біз қазақтілді сайттар болса екен деп ойлатынбыз. Қазір ондай сайттар бар. Саны да аз емес. Енді, сол сайттардың сапасын арттыруымыз қажет», — деді Д. Абаев.


Соңғы жаңалықтар