Жарияланды: 6000

Қазақтың әшекейін тағып, төсін жалаңаштаған қыз өзбек болып шықты

Қазақтың әшекейін тағып, төсін жалаңаштаған қыз өзбек болып шықты

18 жастағы тараздық бойжеткен Шырын Нарчаеваның ұлты өзбек болуы мүмкін.

Желі арқылы жалаңаш образымен танылған қыздың ұлты өзбек. Бұл туралы Инстаграмның onlinetaraz парақшасында жазды.

Алғашында қазақтың әшекей бұйымын жалаңаш таққан қыз кейіннен сәукеле киіп шықты. Бұл көпшіліктің ашуын келтіріп, талқыға салды.

Танымал өнер жұлдыздары бойжеткенді тәртіпке салуды ұсынды.

“Мынау лағнет өзбек екен. Әдейі Қазақтың ар намысын таптағаны ма…? Осыдан басыңа кірпіш түсіп кетсе біздерге өкпелеме”, – деп кекетті әнші Талғат Жорабаев.

Желі қолданушыларының бірі “Ұлтқа бөлінгендері несі, бәріміз мұсылманбыз. Дұғада болайық. Не деген тәкаппарлық? Қазақ жерінде тұр ма? Яғни өзіміз”, деп жазды.

«Мен Қазақпын» деген талай ұл-қызды көрдім,ұлты өзге болса да Туған еліне жеріне деген махаббаты, ұлттық құндылыққа, ар-намысқа деген көз қарасы бөлек, «Дос болғанға құшақ жаяр туыспыз, Қас қылғанға қиып түсер қылышпыз!» есте сақтаңыздар!”, – деп жазды тағы бір қолданушы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть