Жарияланды: 250

Қазақтың келіні атануға лайық қыздар Астанада жоқтың қасы: - Отандық тележүргізуші

Қазақтың келіні атануға лайық қыздар Астанада жоқтың қасы: - Отандық тележүргізуші

Отандық тележүргізуші елордада қазақтың келіні атануға лайық қыздардың азайып бара жатқанын ашық айтты.

Танымал тележүргізуші Қайырбек Жәйлібекұлы жаңа жыл қарсаңында Instagram әлеуметтік желісінде астаналық арулардың келін болуға мүлдем дайын емес екенін айтып, жазба қалдырды. Жәйлібекұлының жазбасы желіде желдей есіп, көпшіліктің сынына ұшырады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by ҚАЙЫРБЕК ТЕЛЕВЕДУЩИЙ (@bek_tv) on

Caravan.kz медиа порталының тілшісі танымал тележүргізуден осы жайлы сұрап, сұхбат жүргізіп көрді.

- Астаналық арулардан көңіліңіз қалып, осындай жазба қалдыруыңызға не себеп болды?

Көрмейін десем көзім бар ғой, әттең. Бойдақ болғаннан кейін, жас та келгендіктен, анамның қолын жылы суға салар ақ келінді үйге әкелгім келеді. Бірақ, әттеген-ай... Алдымен, бұл жерде көпке топырақ шашудан аулақпын, солтүстік дегенде бәрі бірдей жаман емес, соның аражігін ажыратып алайықш. Себебі, комментарийге, директке ашуланып, қарғап-сілеп жазып жатқандар бар, оған қоса жақын араласатын құрбыларым да реніштерін білдіріп жатыр. Посттағы «түбі теріскейден тарайтын тартымдылар» сөзін ескеруді сұраймын. Солтүстікте туып-өскен бұрымдыларға көңілім қалған. Бұл жақтың қыздары, қайталайм, точно Маңғыстаудың келіні бола алмайды. Оны айтасыз, мұндағылар «келін» деген асыл ұғымды «прислуга» деп түсінеді. Хош, бала кезде «әр жердің салты басқа» деген ұғымның байыбына жете алмаған едім. Енді, түсінгендеймін, Астанаға келіп. Мүмкін, менің тәрбием бөлек шығар, мен көрген еркекті сыйлау, қыз баланың қылығы, өзін ұстауы, сөйлеуі тым ерек пе, әлде?!

- Астананың қыздары сонда сізге несімен ұнамай қалды?

- Рас бетпақтығы бар, беталды жат қылықтар жасайтыны өз алдына бір төбе. Мысалы, танысқанымызға 2-3 күн болғанда, мені зерттеп, тумаластарымды сұрап, олардың әлеуметтік жағдайын саралап, менің материалдық тұрмысымды таразылап, тіпті жалақыма көз жүгірткенін қайтерсің? Үйдің сүт кенжесі болғаннан кейін, анаммен тұратынымды бірден түсінген ол: «Ой, я что-то расхотела в Мангистау» дейді ғо еще. Құдды бір мен ұсыныс жасағандай, Құдай-ау қыз-жігіт болып кездесіп жүрсек екен бір сірә. Айтқандай, мұндағылар Маңғыстауда өмірлерінің быт-шыты шығып, күң болып жүреміз деп қатты қорқады. Сәлем салудан қашқақтайды. Одан не сескенетіні бар, түсінсем бұйырмасын. Мен кездестіргендердің көбі Астанада қалғанды қалайды. Төркініне жақын болуды көздеген солтүстіктің қыздары өз отбасының беріктігін сақтап қалуға немқұрайлы қарайды деген ой туғызады. Бұл, өз кезегінде ажырасу фактілерін көбейтуі мүмкін.

- Мысал келтіріп бере аласыз ба?

- Танысым бар, үйленген, Павлодардың қызын алған, түсініктері қазақи екенін айта кетейін, бірақ орамал тағылмайды үйде, ата-енесінің алдында жалбырап, пижамамен жүре бергенді абырой санайтын секілді, для них это нормально?! Мен таң қалдым, кәдімгідей, үйінде әйелі емес досымның өзі құрдай жорғалап жүреді. Ыдыс жуғанда «кезекшіліктері» бар, тамақ пісіргенде де санасады. Сөйтсе, сөздерінше, олар «современный» екен. Білмеймін, мен ондайды көрмегенмін, бізде ер адам деген асүйде ізін тіпті салмайды, үй жинауды айтпай-ақ қояйық, еркек деген – түздің адамы, қазіргі нарықтық тілге салсақ, табыс табушы.

- Бір, екі нәрсе үшін қыздарды қаралау дұрыс емес деп ойламайсыз ба?

- Неге? Мен ешкімді бөлгім келмейді, бәрі де – қазақтың қаракөз қыздары ғой, салт бар, дәстүр бар, оларды неге ұстанбасқа? Қазір бәріміз «современный» болып кетсек, келешектен не күтеміз, ұрпақтарымыздың тегі қайда кетеді? «Уақыт талабы ғой» деп сылтаурататындар көп. Ничего подобного! Біздің ата-бабаларымыз өтпелі замандардан өтпеп пе еді? Осы күнге дейін қазандарын оттан, ұлдарын аттан түсірмей, қыздарын тиыммен тәрбиелеп келді ғой?! Сол дағдыны сақтау қажет. Бүйтіп кетсек, болашақта кім кімге тиым салады? Қызға 40 үйден тию деген «модадан» қалған ба? Қазір оң жақта отырып «өзіме» деп бала табатындар көбейгені де – ащы шындық. Балиғат жасына толмай жатып, балалы болғандар туралы мен айтпасам да білесіздер. Жаңғырту керек салттарды. Менің түсінуімше, барлығы әйелге байланысты, өйткені, ол – әлемнің анасы, ұлты мен ұрпағының жанашыры, қоғамның ұйытқысы.

- Солтүстіктің қыздарынан жақсы келін шықпайды деген пікірмен келісетіндер бар ма? Әлде басым көпшілігі келіспей ме?

- Сөзімді қуаттайтындар бар, оған ризамын, бірақ айтып отырмын ғой, мені өткен ғасырдың адамына балап жатады көбі. Сөздерінше, «мы в современном мире живем»! солай...

- Сіз Маңғыстаудың тумасысыз. Ұзақ уақыт Алматыда тұрдыңыз, ал қазір елорда тұрғынысыз. Салыстыра аласыз. Осы үш өңірді алайық, салыстырамалы үш өңірдің арулары туралы не айтасыз? Үш өңірдің артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өтсеңіз.

- Қызық, мына жаққа келіп, Алматының қыздары дәстүрге берік па деп қалдым. Қанша достарым бар үйленген, жергілікті Алматының, Оңтүстіктің қыздарымен отау құрған. Үйлеріне бара қалсаң, береке бар дерсіз бірден. Күйеулерін сыйлайтыны сезіліп-ақ тұрады, жігіттің сөзі – закон ол жақта, ал Астанада ер адамның статусы сәл төмендеу сияқты. Елордалық арулар салғыласып, сөз таластырады ғой еще... Оңтүстікте еркектер әйелімен бірге швабра алып жүрмейді, әйтеуір. Қит етсе, төркініне жүгіретін келіншектер де жоқ. Астананың қыздары өз үйіне жақын болғысы келеді, сондықтан тек өз өңірінен тұрмысқа кеткісі келеді.

- Сонымен астананың қыздарына алдымен не тілейсіз? Жалпы, қазақтың қыздарына не тілейсіз?

- Барған үйіңнің тірлігін атқарып, отымен кіріп, күлімен шығу, тамағын жасап, кіріп жуу, қонағын күтіп, кеш жатып, ерте тұру – келіннің міндеті болар. Дегенмен, қазан-ошақтың жанында, тек үй тірлігін істей беретін, роботтай көруге де болмайды. Оқы, шыңдал, жұмыс істе, бірақ шаңырақты ұмытпаған шарт. «Шаршадым» деп үйге келіп жата қалсаң, еркегің асүйден шықпаса, енең үйіңді жинап жатса, келіннің не керегі бар?! Қорыта айтқанда, қазір келінге келін болудан қорқам.

Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін